{metadescription}
Көліктегі полиция департаментінің басшысы тағайындалды

Көліктегі полиция департаментінің басшысы тағайындалды

ҚР Президент Әкімшілігінің келісімі және Ішкі істер министрінің бұйрығымен Көліктегі полиция департаментінің бастығы болып Бақытжан Малыбаев тағайындалды.

Бүгін жаңа басшыны Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жеке құрамға таныстырды.

«Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Көліктегі полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Малыбаев Бақытжан тағайындалды. 30 жылдан астам уақыт ішкі істер органдарында әртүрлі жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істедіңіз. Жинақталған тәжірибе мен қабілеттердің арқасында көлік полициясының қызмет көрсету аумағында қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз ететініңізге сенімдімін», – деді Марат Ахметжанов.

Бақытжан Әсембекұлы 1969 жылы 23 шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қызылтас ауылында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1990 жылы бастаған. 1990-2016 жылдар аралығында ішкі істер органдарында түрлі орта және аға басшылық құрамдарда қызмет атқарған. 2016-2018 жылдары Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, 2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары болған. Ал 2019 жылдың 22 мамырынан бастап Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.