{metadescription}
Қаңтар оқиғасы: Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды

Қаңтар оқиғасы: Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды

ҚР Бас прокуратурасы қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтің ұлын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталғанын мәлім етті.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтің ұлының өліміне күдікті ұсталып, қамауда отыр», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Еске салсақ, Ж.Түймебаевтің ұлы биылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде белгісіз біреулер қолынан қаза тапқаны туралы хабарланған еді.

«6 қаңтар күні кешкі сағат 18.35 минут шамасында Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын, Елнар Н.Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан. Қ.Сәтбаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан. Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды»,- деп хабарлаған еді аталған оқу орнының баспасөз қызметінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.