Коронавируспен ауырғандардың тәуліктік көрсеткіші рекордқа жетті
Қытайда бір тәулікте коррнавирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты.
16:57 28.11.2022
Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлайды.
Агенттік мәліметінше, жексенбі елде 40 052 COVID-19 жаңа жағдайы анықталды, олардың басым бөлігінде ауру белгілері жоқ. Бұл Қытай үшін коронавирус пандемиясы басталғалы бері жаңа рекорд. ҚХР-да күзде пандемияның жаңа толқыны басталып, ауырғандар саны рекордтық деңгейге жетті. Ел билігі шектеу шараларын енгізіп жатыр.
Жексенбі күні елдегі бірқатар өңірде антиковидтік шектеулерге қарсы наразылық акциялары өтті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!