«АрселорМиттал Теміртауда» апат болды
«АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды.
Фото: eeq.kz
18:52 28.11.2022
2022 жылдың 26 қарашасында №3 әзірлемелерді үздіксіз құю машинасының (ӘҮҚМ) болат шөміш қақпасына металдың төгілуі орын алды.
«Технологиялық персонал төтенше жағдайда қажетті барлық процедураларды орындады. Металл арнайы шұңқырға құйылды. Конвертер цехы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ӘҮҚМ-3-ті сынақтан өткізу және іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
Компания өкілдерінің айтуынша, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!