Қызылордада бірнеше күн бойы хабарсыз кеткен жасөспірім табылды
Қызылорда облысында бірнеше күннен бері хабарсыз кеткен 17 жастағы жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09:36 29.11.2022
Байқоңыр қаласының 17 жастағы тұрғыны 15 қарашада Қызылорда қаласына кеткен. Бірнеше күннен бері ата-анасына хабарласпаған. Үйге қайта оралмаған.
«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салды. Іздестіру жұмыстарын бірнеше күн жүргізілді. Жасөспірім қала орталығынан аман-есен табылып, ата-анасына табысталды», - делінген Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!