Қор нарығында доллар қымбаттады
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
17:08 29.11.2022
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 42 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 468, 43 теңге.
Ұлттық банктің 29 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 467, 99 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 467,5 теңге, сатып алу – 471 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 466,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 470 теңге. Ресей рублі 7,35 - 7, 42 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!