{metadescription}
Әлихан Смайылов ҚХР Үкіметімен жүк тасымалы және әуе қатынасы мәселелерін талқылады

Әлихан Смайылов ҚХР Үкіметімен жүк тасымалы және әуе қатынасы мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян бейнебайланыс режимінде өткен екіжақты келіссөздер барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды.

Атап айтқанда, сауда-экономикалық және көлік-транзиттік салаларда, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, экология, туризм, қаржы секторы және инновациялық технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды.

Өз сөзінде Әлихан Смайылов өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының көлемі 14% артып, 18 млрд долларға жеткенін атап өтті. Сонымен қатар биыл айтарлықтай өсім тіркеліп отыр, 10 айда бұл көрсеткіш шамамен 33% артып, 19,7 млрд долларды құрады.

«Мемлекеттер басшылары 2030 жылға қарай тауар айналымын 35 млрд долларға дейін ұлғайтуды мақсат етіп қойды. Біз қытайлық әріптестерімізбен бірге осы ауқымды міндетті іске асыруға дайынбыз», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Оның айтуынша, жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын одан әрі кеңейту, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыс орнату қажет. Атап айтқанда, Қазақстан оң сауда трендін нығайтуға және Қытайға 135 тауар позициясы бойынша өз өнімінің экспортын ұлғайтуға дайын.

Ынтымақтастықтың басқа да басым бағыттары ретінде Әлихан Смайылов мұнай-газ секторында және машина жасауда жаңа жобалардың іске қосылуын, теміржол жүк тасымалдарын дамытуды, оның ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткізу пунктін ашуды, сондай-ақ шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмысының тиімділігін арттыруды атап өтті.

Сонымен қатар Премьер-Министр қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты үшін кедергілерді алып тастаудың, жолаушылар авиарейстерінің санын арттырудың және трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығын айтты.

«Біз белсенді диалогқа дайынбыз. Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігінің жоғары динамикасы барлық бағыттар бойынша дамитынына сенімдімін», — деді Әлихан Смайылов.

Өз тарапынан Ли Кэцян Қытай Қазақстанды достық байланыстағы көршілес ел және маңызды сауда серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, ҚХР жүктерді және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға, энергетика саласындағы жаңа жобаларды іске қосуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше қызығушылық танытып отыр.

«Біз қазақстандық әріптестерімізбен бірлесіп, елдер арасындағы екіжақты қатынастарды нығайту үшін жұмыс істеуге дайынбыз», — деді Ли Кэцян.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.