{metadescription}
Ақмола облысында «Газель» жыраға құлап, бір адам көз жұмды

Ақмола облысында «Газель» жыраға құлап, бір адам көз жұмды

Ақмола облысында екі көлік соғылып, салдарынан бір адам көз жұмды және тағы екі адам ауруханаға түсті.

Жол апаты бүгін «Екатеринбор-Алматы» автожолының 1105 шақырымында Жалтыр ауылының маңында болған.

«Қостанай облысының 29 жастағы тұрғыны басқарған «Газель» автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Маз» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан «Газель» жолдың шетіндегі жыраға аударылды, жүргізушісі алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды. Ал, «Маз» көлігінің жүргізушісі 52 жастағы қостанайлық пен жолаушысы Астрахан аудандық ауруханасына жатқызылды», - деді аумақтық ПБ баспасөз қызметі.

Жол апатына қатысты сараптама тағайындалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.