{metadescription}
Түркістан облысында жолда қалған 35 адам құтқарылды
Бүгін Кентау-Шолаққорған тас жолының 55-і шақырым жеріндегі Ащысай асуында қалып қойған 35 адам құтқарылды.
19:38 29.11.2022
Көктайғақтан автокөліктердің кептелісі пайда болып, жолдар жабылып қалған.
«2 жүк көлігі мен 8 жеңіл автомобиль жолда қалып қойған. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері көліктерді сүйреп шығарып, ішіндегі 35 адамды қауіпсіз жерге алып шықты. Олардың ішінде 2 бала бар», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!