{metadescription}
Әрбір бесінші бала қаражат тапшылығынан нәрлі тамақ іше алмайды

Әрбір бесінші бала қаражат тапшылығынан нәрлі тамақ іше алмайды

Лондонда әр бесінші бала отбасындағы қаражат тапшылығынан аштық сезімін бастан өткереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Childhood Trust қайырымдылық ұйымының мәліметінше, Ұлыбритания астанасында жарты миллионға жуық бала азық-түлік бағасының өсуіне байланысты дұрыс тамақтанбау қаупіне ұшырайды.

Жасөспірімдердің 40% қалыпты өсу мен даму үшін тұрақты және нәрлі тағамға қолжетімділіктің болмауынан зардап шегетіні атап өтілді.

Мұндай таңқаларлық тұжырым 7-16 жас аралығындағы 280 баладан алынған сауалнама негізінде жасалды.

Егер бұл деректерді Лондон халқына экстраполяцияласақ, 426 мыңнан астам бала пайдалы тағамның жетіспеушілігін сезінеді деп болжауға болады.

Британ парламентінің депутаты Рейчел Ривз инфляцияның күшеюіне байланысты британдықтар азық-түлік сатып алу мен үй жылыту арасында таңдау жасауға мәжбүр екенін айтты.

Сонымен қатар, Salvation Army қайырымдылық ұйымы жүргізген жеке сауалнама британ ересектерінің үштен екісі мерекелік рождестволық кешкі асқа қол жеткізе алатынына сенімді емес екенін көрсетеді.

Олардың көпшілігі мұқтаждарға тегін азық-түлік тарататын азық-түлік банктерін пайдалануды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбританиядағы азық-түлік бағасы соңғы 45 жылдағы ең жылдам қарқынмен өсіп жатыр. Өмір сүру құнының күрт өсуі табысының жартысына жуығын азық-түлік пен энергияға жұмсайтын кедей британдықтарға қатты әсер етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.