{metadescription}
Лаура Алмағанбетова еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Лаура Алмағанбетова еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Еркін күрестен Азия чемпионатында 23 жасқа дейінгілер арасында Лаура Алмағанбетова топ жарды.

Қазақстан күрес федерациясы таратқан мәліметкесенсек, United World Wrestling ұйымы Лаура Алмағанбетоваға арнайы хат жолдаған.

Онда Бішкекте өткен Азия чемпионатының финалында Лаурамен белдесіп, алтын медаль жеңіп алған үндістандық спортшының допингке қарсы талаптарды бұзғаны жазылған.

Осылайша чемпионаттың 57 келіге дейінгі салмақтағы алтын медалі қазақстандық спортшыға беріледі.

Лаура Жақсылыққызы Қостанай облысында туған. 2004 жылдан бастап Сарыкөл аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде «еркін және әйелдер күресі» бөлімінде жаттығады.

Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Респбликасының алты дүркін чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасына іріктеп алынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде