{metadescription}
Екібастұздағы төтенше жағдай: бүгін магистральдің жарылған 2 негізгі жері қалпына келтірілуі керек

Екібастұздағы төтенше жағдай: бүгін магистральдің жарылған 2 негізгі жері қалпына келтірілуі керек

Екібастұздағы магистральдің жарылған 2 негізгі жері бүгін қалпына келтірілуі керек. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

30 қарашада сағат 8.00-де Екібастұздағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың отырысында қаланың жылу желілеріндегі қазіргі жағдай мен температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Бүгін жылу магистраліндегі екі негізгі жарылған жерді қалпына келтіру және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көп пәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарланып отыр. Сағат 9.00-ден қаланың әлеуметтік нысандары тексеріле бастады. Үкімет мен жедел штаб мүшелері Екібастұз қалалық ауруханасында, қабылдау бөлімінде, перзентханада болды. Медициналық мекемелердегі температура – 24°C.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде