{metadescription}
Алматының Түрксіб ауданында 82 көшенің атауы жоқ

Алматының Түрксіб ауданында 82 көшенің атауы жоқ

Алматының Түрксіб ауданында атаусыз 82 көше бар. Бұл туралы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы әкімімен кездесуге арнайы келген тұрғындардың бірі атауы жоқ көшелерге қатысты мәселені көтерді. «Қайрат» шағын ауданында көптеген көшенің атауы жоқ, соған атау беріле ме?» - деп сұрады тұрғын.

Ерболат Досаев атаусыз көшелерге көрнекті тұлғалардың есімін беру мәселесі келер жылы қарастырылатынын айтты.

«Түрксіб ауданында 82 көшеде атау жоқ. Келер жылы қаңтар айынан бастап ономастикалық комиссиямен келісіп, атаусыз көшелерге көрнекті тұлғалардың есімін беру мәселесін қарастырамыз», - деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.