Екібастұздағы жылу магистралін жөндеуге өзге өңірлерден бригадалар жұмылдырылды
Екібастұздағы жылу магистралін жөндеу жұмыстарына өзге өңірлерден бригадалар жұмылдырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат.
11:57 30.11.2022
Бүгін қаланың Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көп пәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу үшін Қазақстанның басқа өңірлері мен кәсіпорындарынан, атап айтқанда Астана, Павлодар, Қарағанды, Босшакөлден (Kazminerals) жеткен жөндеу бригадалары жұмысқа кірісті.
Сондай-ақ, Үкімет пен жедел штаб мүшелері Мәметов, Шешембеков көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерді, «Өнер» мәдениет үйін аралап көрді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!