{metadescription}
Алматыда тағы бір көше ұзарады

Алматыда тағы бір көше ұзарады

Қазір жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2023 жылдың соңына дейін Б. Хмельницкий көшесін Талғар тасжолына дейін ұзарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Құрылыс 2024-2025 жылдары жүргізіледі»,- деді ол.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев «Қайрат» шағынауданы тұрғындарының өтініші бойынша Сұлушаш, Көрімдік, Сыбызғы көшелеріндегі жолдар жөнделіп, 2,5 шақырым жолға асфальт төселгенін атап өтті.

«Ауданда ұзындығы 9 шақырым 17 көше жөнделіп, 89 көше ағымдағы жөндеуден өтті. Ұзындығы 9 шақырым болатын 11 көшеге тротуарлар салынып, жөнделді. Б.Хмельницкий, Е. Бекмаханов, Сүйінбай және Лавренев көшелерінде 11 реттелетін бағдаршам және Сейфуллин даңғылында, Шемякин, Папанин және Жұмабаев көшелерінде 5 бағдаршам іске қосылды»,- деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, ол Әлмерек, Нұршашқан шағынаудандарында және ауданның 23 көшесіне 27 жаңа аялдама орнатылғанын тілге тиек етті.

«Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін №215 маршрут Жас қанаттан Шуақты шағынауданына дейін ұзартылды. Автобустардың рейске шығу саны 5-тен 7-ге дейін көбейтілді. Бұған қоса, №8, 36, 69, 138 сынды 4 бағыттың 39 автобусы жаңартылды».- деп қосты Ерболат Досаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.