{metadescription}
Депутат магистраль желілерін жаңғыртуға бөлінген қаражатты тексеруді сұрады

Депутат магистраль желілерін жаңғыртуға бөлінген қаражатты тексеруді сұрады

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров магистраль желілері мен жылу электр орталықтарын жаңғыртуға бөлінген қаражаттың мақсаты бойынша игерілуін тексеруге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда елімізде магистраль желілерін жаңартуға бюджеттен қомақты қаражат бөлінгені айтылды.

«Бұл қаражат осы олигархиялық топтардың өкілдеріне де бөлінді. Сондықтан Бас прокуратурадан аталған халық қаражатының қаншалықты мақсатты жұмсалғанын тексеруді сұрадым», — деді Ерлан Саиров.

Осы орайда тілшілер «бұл қаражаттың мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды ма?» деген сұрақ қойды.

«Бұл мәселе құқық қорғау органдарының құзырында. Олар заң бұзу деректерін анықтап жатса, оны жариялайтын болады», - деді депутат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде