Қазақстанда жаңа саяси партия тіркелді
«Байтақ» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы аталған саяси ұйымның жетекшісі Азаматхан Әміртай әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: facebook.com/amirtayazamatkhan
14:15 30.11.2022
«Әділетті Қазақстанға сенімді қадам - «Байтақ» жаңа партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы тарапынан көппартиялы жүйе құру тапсырмасы болды. Айтылды - орындалды! Әділетті Қазақстанның алғашқы партиясы - нағыз халықтың қолдауымен, қоршаған орта жанашырларының басын қосқан, азаматтық белсенділердің бастамасымен құрылған «Байтақ» партиясы», - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Бұл ақпаратты еліміздің Әділет министрлігі де ресми растады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!