АҚШ-тың оңтүстігінде бұршақ жауып, торнадо жүріп өтті
Сейсенбі күні АҚШ-тың оңтүстік аймақтарында жойқын дауыл соғып, бұршақ жауды.
Фото: Көрнекі сурет
15:03 30.11.2022
Қолайсыз ауа райы тоғыз штаттың 11 миллион тұрғынына қауіп төндірді, деп хабарлайды CBS News арнасы.
Ұлттық ауа райы қызметі оңтүстік штаттарда бірнеше торнадо соққанын хабарлады.
Луизиананың солтүстік-шығысы, Миссисипидің орталық бөлігі және Алабаманың оңтүстік-батысындағы тұрғындар көбірек зардап шегеді деп күтілген, бірақ қираған ғимараттар туралы хабар түскен жоқ.
Алабама штатындағы Маскл Шолс, Джексон, Виксбург, Старквилл және Миссисипи штатындағы Меридиан, Арканзастың оңтүстік-шығысы және Теннесси қалаларында қатты жел соғып, бұршақ жауды.
Метеорологтардың мәліметінше, ауа райының күрт бұзылуына жылы, ылғалды ауамен шығысқа қарай жылжып, дүркін-дүркін найзағайларға ықпал ететін суық фронт себеп болған.
Миссисипи төтенше жағдайларды басқару агенттігі тұрғындарға электр қуатының үзілуіне дайындалып, жеке көлікпен қала сыртына шықпаған жөн екенін ескертті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!