Қытайдың бұрынғы басшысы қайтыс болды
Цзян Цзэминь 96 жасында өмірден өтті.
Фото: © AP Photo / Lee Jin-man
15:49 30.11.2022
Қытай Халық Республикасын 1989-2002 жылдар аралығындағы басқарған Цзян Цзэминь қайтыс болды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Қайғылы хабарламаны Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитеті, Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысының тұрақты комитеті, ҚХР Мемлекеттік кеңесі, Қытайдың халықтық саяси-консультативтік кеңесі жалпықытайлық комитеті және ҚКП мен ҚХР Орталық әскери кеңестері мәлім етті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!