{metadescription}
Атырау облысында жоғалған жігітті іздеуге тікұшақ тартылды

Атырау облысында жоғалған жігітті іздеуге тікұшақ тартылды

Атырау облысында 10 күн бұрын із-түзсіз жоғалған 24 жастағы жігіт әлі табылған жоқ.

Бүгін оны іздеуге тікұшақ тартылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, 24 жастағы жігіт 20 қарашада таңғы сағат 05:00-де үйіне шығып кеткен. Содан бері одан еш хабар болмаған.

Із-түзсіз жоғалған жігіт – Қызылқоға ауданындағы Жамбыл ауылдық округіне қарайтын Қаракөл ауылының тұрғыны. 1998 жылы туған жігітті іздеуге алғашқы күні Төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінен, жергілікті атқарушы орган мен туыстарынан 37 адам қатысты. Таңда үйінен шығып, кері оралмаған 24 жастағы жігітті іздеу төрт күн қатарынан жүргізіліп, кейін тоқтатылған.

«Жоғалған жігітті іздеу жұмыстары төтенше жағдайлар департаментінің және туыстарының қатысуымен қайта жалғасып жатыр. Бүгін, 30 қарашада жергілікті уақытпен сағат 09:52-де хабар-ошарсыз кеткен жігітті іздеуге «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-ның «Еврокоптер» тікұшағы тартылды. Тікұшақ бортында 7 адам бар», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

 Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде