{metadescription}
Рудныйда 33 көпқабатты үй жылусыз қалды

Рудныйда 33 көпқабатты үй жылусыз қалды

Жеткізу құбырындағы апат салдарынан Рудныйдағы 33 көпқабатты үй мен бір мектепке жылу беру тоқтатылды.

Рудный қаласының тұрғындары жылусыз қалды. Тұрғын Татьяна Мамаева үйде баласы ауырып жатқанын, оның үстіне, қазір пәтерде жылу жоқ екенін айтты.

"Таңертеңнен бері жылу жоқ. Жылытқыш қостық, баланы қалың киіндіріп қойдық. Бүгін жылу өшіп қалды, оған дейін батареялар әрең жылып тұрғанын айтып, қанша рет телефон соқтық", - дейді Рудный қаласының тұрғыны.

Бұл апаттан бөлек, Шевченко көшесі, 116-да құбыр жарылған, ондағы 13 жекеменшік үй жылудан ажыратылды. Апат орнын табу үшін қазу жұмыстары жүріп жатыр.

"Қазіргі уақытта апатты анықтау және жою мақсатында магистраль желілерде жұмыстар жүргізіліп жатыр, ол бүгін аяқталады, 5 техника мен жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр, жылу желілерінің басшылығы апат орнында (желілердің тозуы шамамен 70-80 пайыз)", - деді Рудный әкімдігі өкілдері.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.