Алматы маңынан қару-жарақ сақталған қойма табылды
Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Фото: polisia.kz
17:19 30.11.2022
30 қарашада Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері мен Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қару-жарақ сақталған орын табылған.
"Дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша Іле ауданы Полиция басқармасында тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер 3 Калашников автоматын, Макаров жауынгерлік тапаншасын, 2 граната мен 100-ден аса түрлі патрондарды тауып, тәркіледі", - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!