{metadescription}
Премьер-Министр Екібастұздағы апат себептерін айтты

Премьер-Министр Екібастұздағы апат себептерін айтты

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Екібастұздағы апатты жағдайдың басты себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі жағдайдың себептері жылу желілерінің әбден тозуы және жылу орталығы басшылығы тарапынан немқұрайдылық пен инвестициялардың жеткіліксіздігі болып отыр. Тиісті тергеу жүргізіліп жатыр және барлық жауапты және кінәлі адамдар, әрине, жауапқа тартылады», - деді Премьер-Министр Екібастұзға жұмыс сапары барысында.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы ЖЭО иелерімен тиісті жұмыс жүргізілетінін, биылғы жылыту маусымында олар толығымен ТЭЦ пен жылу желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететінін жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде