{metadescription}
Бағдат Мусин Астанада өткен сенбіде не себепті интернет болмағанын түсіндірді

Бағдат Мусин Астанада өткен сенбіде не себепті интернет болмағанын түсіндірді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астанадағы митинг кезінде не себепті ұялы байланыс интернеті болмағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, 26 қараша кешке қарай бір сағат шамасында интернет жылдамдығы азайған еді.

«Сол күні кешкі сағат тоғыз шамасында Мемлекеттік техникалық қызметі тиісті ақпаратты берген болатын. Олар тиісті интернет шлюзді қадағалайды. Сол интернет шлюзге берілетін электр қуаты жүйелерінде ақау болған. Осының салдарынан интернет шлюздің жұмысы тоқтап қалды. Электр жабдықтары іске қосылған соң интернет қайтадан қосылды», - деді Бағдат Мусин Сенат отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде