{metadescription}
7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 3 желтоқсанда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Алматы қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда 15-20 м/с.

Шымкент ққаласында түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.