{metadescription}
Атырауда 8 жасар бала Жайық өзеніне батқан жасөспірімдерді құтқаруға көмектескен

Атырауда 8 жасар бала Жайық өзеніне батқан жасөспірімдерді құтқаруға көмектескен

Aтырауда 2 жасөспірім Жайық өзеніне түсіп кеткен. Оның бірін құтқаруға 8 жасар бала көмектескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 3 желтоқсанда болған.

Атырау қаласында Жайық өзенінің үстінен салынған бірнеше көпір бар. Соның бірі Балықшы шағын ауданы мен Жұмыскер елді мекенін жалғайды.

Екі жасөспірім аталған көпірдің тұсында Жайық өзеніне қатқан мұз үстіне шыққан. Сол кезде жұқа мұз ойылып, екеуі де суға түсіп кеткен.

Мұны байқаған 8 жасар Жаңбырбай Серікұлы көмекке келіп, екі жасөспірімнің бірін қолын тартып, судан шығаруға көмектескен. Судан шыққан жасөспірімнің бірі екіншісін құтқарып қалған. Кейін суға батқан екі жасөспірімнің бірі 14, екіншісі 9 жаста екені анықталған.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері балаларға алғашқы көмек көрсетіп, ата-аналарына аман-есен тапсырған.

«Баламды ажалдан құтқарған Жаңбырбай Серікұлының әрекеті мен жанашырлығы үшін алғысымды айтуды жөн көрдім. Ол қорқып қашып кетпей, батыл әрекет етті. Қиналған жанға көмегін берген Жаңбырбайдың ата-анасына да ризашылығымды білдіремін», - дейді 9 жасар жасөспірімнің анасы.

Полиция қызметкерлері ауа-райының құбылуына байланысты Жайық өзеніне шықпайды ескертіп отыр. Өйткені, өзенде қатқан мұздың қалыңдығы әлі де жұқа екені байқалып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.