{metadescription}
Ақтауда пәтердегі жарылыстан ер адамның бір қолы жұлынып кеткен

Ақтауда пәтердегі жарылыстан ер адамның бір қолы жұлынып кеткен

Ақтауда пәтерлердің бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салдарынан ер адамның қолы жұлынған. Жәбірленуші реанимацияда жатыр.

Оқиға өткен сенбі күні 27-шағынаудандағы № 46 үйде болған. Тұрғындардың айтуынша, түскі уақытта пәтерлердің бірінен қатты дыбыс шыққан.

Жарылыстың екпінінен терезе әйнектері сынған.

Куәгерлер оқиға салдарынан осы пәтерде тұратын ер адам зардап шеккенін жеткізді. Ол бір қолынан айырылған.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі жарылыс орнынан 1988 жылы туған ер адам жеткізілгенін хабарлады. Ол қазір реанимация бөлімінде жатыр.

«Егжей-тегжейлі ақпарат дүйсенбіде беріледі» деп мәлім етті ауруханадан.

№ 46 үй тұрғындарының айтуынша, зардап шеккен ер адам - әскери қызметші. Аталған пәтерде отбасымен бірге тұрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.