{metadescription}
Ең төменгі күнкөріс көлемі шындыққа сай келмейді – депутат

Ең төменгі күнкөріс көлемі шындыққа сай келмейді – депутат

Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетова «Әлеуметтік кодекс» жобасын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодекс жобасының негізгі бағыттарын баяндаған еді.

«Бұл кодекс түрлі қатерлер туындаған кезде әлеуметтік қолдау көрсетудің көпдеңгейлі моделіне негізделген. Біз бұл тәсілді қолдаймыз. Бірақ алаңдататын бір нәрсе – әлеуметтік қорғау жүйесінің заңнамалық негізі жаңғыруына қарамастан халықтың әл-ауқатының айтарлықтай өсуі байқалмайды», - деді Жәмилә Нұрманбетова Әлеуметтік кодекс жобасы туралы Үкімет сағатында.

Депутаттың айтуынша, Әлеуметтік кодексте ескірген және негізсіз әлеуметтік параметрлер қолданылады.

«Тәуелсіздік қарсаңында енгізілген айлық есептік көрсеткіш («АЕК») әлі қолданылып келеді. Иә, бұл жоспарлау үшін ыңғайлы болуы мүмкін. Бірақ АЕК экономикаға да, жалақыға да байланысты емес. Сондықтан болашақта әлеуметтік төлемдерді аударуда бірыңғай көрсеткішке сүйену орынды деп санаймыз. Не ең төменгі күнкөріс деңгейіне, немесе – ең төменгі жалақыға», - деді ол.

Сонымен бірге тағы бір мәселе – әлеуметтік параметрлерді анықтаудың тиісті әдістерінің болмауы.

«Осылайша, ең төменгі күнкөріс көлемі шындыққа сай келмейді. Жыл басынан бергі 10 айда азық-түлік инфляциясы шамамен 20%-ға жетті. Яғни, зейнетақы мен жәрдемақыларды есептеу үшін салынған ең төменгі күнкөріс деңгейі азаматтарды қажетті әлеуметтік төлемдермен қамтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан министрлікке ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін жетілдіру жұмысын бастауды ұсынамыз», - деді Ж. Нұрманбетова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.