{metadescription}
Қатар-2022: Үйіне ұры түскен ағылшындық футболшы еліне қайтып кетті

Қатар-2022: Үйіне ұры түскен ағылшындық футболшы еліне қайтып кетті

Англия құрамасының ойыншысы Рахим Стерлинг үйіне ұры түскендіктен, еліне қайтып кетті.

Британдық Daily Telegraph журналисі Мэтт Лоу мәлім еткеніндей, Қатарда ұлттық құрама сапында ойнап жүрген футболшы Р.Стерлингтің Лондондағы үйін өткен сенбіде ұрылар тонап кеткен.

Өз туғандарының аман екеніне көз жеткізу үшін үш кішкентай баласы бар Рахим Ұлыбританияға оралуды жөн көрген. Сол себепті ол Англияның 1/8 финалда Сенегалмен өткен ойынына қатыса алмады. Футболшы Қатарға қайтып оралуы мүмкін екендігі жазылады. Ол әзірге әлем чемпионатында бір гол соқты.

Сенегалды 3:0 есебімен жеңген Англия ширек финалда 10 желтоқсанда әлем чемпионы - Франциямен кездеседі.

Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт Рахим Стерлингтің еліне кеткенін растап, отбасы бірінші орында тұруы керектігін, ойыншыны қолдайтынын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.