{metadescription}
Жедел штаб Екібастұздағы қазіргі жағдай туралы хабарлады

Жедел штаб Екібастұздағы қазіргі жағдай туралы хабарлады

Жедел штаб Екібастұз қаласында жылуды қалпына келтіру бойынша қазіргі жағдай туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көпқабатты 71 проблемалы үйдің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілді.
Жедел штабтың жетекшісі — Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қазіргі таңда осы үйлердің жылыту тораптарында жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Қазір пәтерлер ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жүріп жатыр. Сонымен қатар мамандар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіруде», - делінген Үкіметтің Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.

Еске салайық, Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылды.

Жедел штаб ұсынған тізімде зардап шеккен үйлердің мекенжайы және сол үйлерде осы сәтте атқарылған жұмыстар туралы есеп қамтылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.