{metadescription}
Алдағы 5 жылда базалық зейнетақы мөлшері өседі

Алдағы 5 жылда базалық зейнетақы мөлшері өседі

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын таныстыру кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетақы жүйесіндегі жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі туралы айта келе, бұл тұрғыда азаматтарды 3 санатқа бөлуге болатынын атап өтті.

«Бірінші аға буын – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан, толық еңбек өтілі бар зейнеткерлер. Олардың саны 300 мыңнан астам адам. Сонымен қатар, олар базалық және еңбек зейнетқыларын мемлекеттік бюджеттен алады. Басым көпшілігінің зейнетақысы 120 мыңнан 160 мың теңгеге дейін. Екінші санаты қазіргі буынды қамтып отыр. Зейнет жасына 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін жеткен. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі болғандықтан, еңбек және базалық зейнетақыларын мемлекеттік бюджеттен алып отыр. Қазір осы топтағы зейнеткерлер саны 1,9 млн-нан асты. Олардың саны 2030 жылға қарай 2,6 млн-ға дейін жетеді деп межелеп отырмыз», - деді Т. Дүйсенова.

Оның айтуынша, үшінші буын – болашақ зейнеткерлер. Олар зейнетке 2038 жылдан кейін шығып, мемлекеттен базалық зейнетақы, БЖЗҚ-дан жинақталған зейнетақысын алатын болады.

«Қазіргі және болашақ зейнеткерлердің жағдайы қиындау. Бүгінгі зейнеткерлер толқыны үшін алдағы 5 жылда базалық зейнетақы мөлшері өседі, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері ең жоғары табыстың көлемі 46-дан 55 АЕК-ке дейін немесе орта айлық жалақының 70 %-на дейін жеткізу арқылы өседі. Өздеріңіз жақында қолдаған бұл қадамдар қазіргі буын зейнеткерлерінің толық мемлекеттік қолдауда болатыны көрсетеді», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, зейнетақыны өз жинақтары есебінен қалыптастыратын болашақ зейнеткерлер үшін қосымша жұмыс берушілердің зейнетақы жарнасы енгізіледі.

«Бұл жарна қолданыстағы заңда көзделген шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі үшін база қалыптастырады. Осы орайда бұл топтағы азаматтар зейнеткерлік жасына жеткенде қазіргі зейнеткерлер секілді зейнетақының 3 түрін алатын болады. Яғни, мемлекет есебінен – базалық зейнетақы, жұмыс берушілер есебінен – шартты-жинақтаушы зейнетақы, ал өз жинақтары есебінен - жинақтаушы зейнетақы. Бұл іс-шаралар азаматтарды бұрынғы табысына сәйкес зейнетақымен қамтамасыз етеді деп пайымдаймыз», - деді ведомство басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.