{metadescription}
Павлодарлық өрт сөндірушілер жалын шарпыған ғимараттан 31 баллонды алып шықты

Павлодарлық өрт сөндірушілер жалын шарпыған ғимараттан 31 баллонды алып шықты

Павлодарда тоңазыту және желдету жабдығын шығаратын кәсіпорынның ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«5 желтоқсанда сағат 15-55-те Павлодар қаласындағы сайдингпен қапталған бір қабатты темірбетонды ғимаратта (тоңазыту және желдету жабдығын шығарады) өрт шықты, сондай-ақ көлемі 250 шаршы метр алаңда құрал-жабдықтар жанды. Өртті сөндіруге келген өрт сөндірушілер оқиға орнынан 5 газ (27 л.) және 2 оттегі, 4 азот, 20 фреон баллонын шығарды. Жедел іс-қимылдың арқасында өрт көрші ғимараттарға таралған жоқ», - делінген хабарламада.

Мәліметке сай, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 13 адам өз бетінше оқиға орнынан эвакуацияланған. Тілсіз жау 17:29-да оқшауланды.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші мен 7 бірлік өрт техникасы, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.