{metadescription}
Бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр

Бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр

Бірнеше өңірде қатты аязға байланысты мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті.

Қарағанды мен Теміртау, Жезқазған қалаларындағы мектептерде 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды.

Сонымен қатар Ақмола облысыЦелиноград ауданындағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бұдан басқа Абай облысында да 6 желтоқан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір аудандарда сабақ онлайн форматта өтеді.

Семей қаласында 1 ауысымда оқитын 1- 9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады. Аягөз, Жарма, Бородулиха аудандарында 1 ауысымда 1-4 сыныптарда сабақ қашықтан оқытылады. Бесқарағай ауданында барлық мектептер қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда сабақ штаттық режимде өтеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.