{metadescription}
СҚО-да 50 жылқы мұз астына түсіп өлді

СҚО-да 50 жылқы мұз астына түсіп өлді

2 желтоқсанда СҚО Айыртау ауданының полиция бөліміне Әлжан ауылында 50 жылқы жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жылқылар СҚО Айыртау ауданы Әлжан ауылының тұрғындарына тиесілі екені анықталды. Жануарлар 27 қарашада еркін жайылымнан жоғалып кеткен.

"Іздеу барысында жоғалған жылқылар мұздың ішінде қатқан күйінде Барчи көлінен табылды. Алдын ала болжам бойынша, жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген. Кейін мұз жарылып, суға батып кеткен", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша Айыртау ауданының полиция бөлімінде тергеу басталды.

Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп, нақты қанша жануар өлгенін анықтап жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.