Қазақстанда коронавирустың 140 жаңа жағдайы тіркелді
Өткен бір тәулікте Қазақстанда коронавирус 140 адамнан анықталды.
10:24 06.12.2022
Коронавирус пневмониясына шалдыққандар тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Жалпы 6 желтоқсандағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан - 1 183 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан - 191 (КВИ-), барлығы 1 374 адам емделуде. Олардың ішінде 191 пациент стационарда, 1 183 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
6 желтоқсанға дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналардың I компонентімен 10 849 289 адам, II компонентімен 10 613 754 адам егілді. Ревакциналанды – 5 669 940 адам.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!