{metadescription}
Петропавлдағы әйелдер колониясы көшірілмек

Петропавлдағы әйелдер колониясы көшірілмек

Петропавлдағы әйелдер колониясын көшіру жоспарланған.

Бұл туралы №50 мекемеде сотталған әйелдермен кездесуде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Берік Біләлов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы әйелдер колониясы алдағы уақытта басқа орынға көшірілмек. Өйткені қазіргі уақытта мекеменің орналасқан жері қылмыстық-атқару жүйесінің күзет объектілерін жабдықтау жөніндегі талаптарға сәйкес келмейді. Яғни, нысанның аумағына жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар, тұрғын және қызметтік үйлер, өңделетін алқаптар және басқалар кірмеуі тиіс.

«Қала аумағының кеңеюіне байланысты мекеменің айналасында тұрғын үйлер, сауда, ойын-сауық орталықтары және тағы басқа ғимараттар көптеп салынып жатыр. Сондықтан мекемені көшіру қажет.

Жаңа мекеме барлық қажетті үй-жайлармен: монша, асхана, тұрғын және өнеркәсіптік аймақ, мәдениет үйі, спортзал және мектеппен қамтылады. Барлығы стандартқа сәйке, тексерудің және күрделі бейнебақылаудың жаңа технологияларымен жабдықталады», - деді СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Берік Біләлов сотталған әйелдермен кездесу барысында.

Қазір орта және орта арнаулы білімі бар сотталған әйелдер қашықтан жоғары білім ала алады. Осыған орай жергілікті университет, білім басқармасымен меморандум жасасу мәселесі қаралып жатыр.

Кездесуде сотталғандардың көпшілігі тұрғын үйге бастапқы жарнаны жинау үшін банкте депозит ашуға қызығушылық танытты, бұл болашақта қайта әлеуметтенуге оң әсер етпек. Қазіргі уақытта ынтымақтастық аясында облыстың ҚАЖ департаменті Отбасы банктің жергілікті филиалымен меморандум жасалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.