{metadescription}
Әрбір бесінші адам жұмыс орнында зорлыққа ұшырайды - БҰҰ

Әрбір бесінші адам жұмыс орнында зорлыққа ұшырайды - БҰҰ

Әрбір бесінші жұмысшы жұмыс орнында физикалық, психологиялық немесе жыныстық зорлыққа немесе алымсақтыққа ұшырайды.

Әсіресе босқын әйелдер зардап шегуде. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Оның авторлары мәселенің ауқымы үлкен екенін және мұның жұмысшылардың моральдық жағдайы мен денсаулығына, еңбек атмосферасына, өндіріске және қоғамды дамытуға зияны көп екенін атап өтті. Зорлық пен алымсақтық барлық еңбек саласында және әлемдегі барлық экономикалық қызмет саласында, соның ішінде жеке және мемлекеттік сектор, формальды және бейформальды экономикада болып жатыр. ХЕҰ қолдауымен зерттеу жүргізіліп, оның аясында бес жұмысшының бірі – барлық жұмыс күшінің 23 проценті жұмыс орнында зорлыққа немесе алымсақтыққа ұшырағаны анықталды. Көптеген адамдар оны айтуға ұялады, өзін кінәлі сезінеді, басшылыққа сенбейді, немесе болған жағдайды олардың жұмыс орнындағы қалыпты жағдай деп есептейді.

Баяндама дерегіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан жұмыс істейтін ерлер мен әйелдердің 17,9 проценті психологиялық зорлыққа және алымсақтыққа ұшырағанын мәлім етті. 8,5 проценті физикалық зорлықты бастан өткерген. 6,3 проценті жыныстық зорлық пен жыныстық алымсақтыққа ұшырағанын хабарлады. Олардың басым бөлігі әйелдер. Баяндама авторлары атап өткендей, жас әйелдер еркектерге қарағанда жыныстық зорлық-зомбылық пен жыныстық алымсақтыққа екі есе, ал мигрант әйелдер басқа әйелдерге қарағанда екі есе жиі ұшырайды. Көптеген адам жұмыста өздеріне деген әдепсіз қатынасқа бірнеше рет тап болғаны айтылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.