{metadescription}
Қостанайдағы құс фабрикасына қатысты тергеу басталды

Қостанайдағы құс фабрикасына қатысты тергеу басталды

Қостанайдағы «Жас қанат-2006» құс фабрикасына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның дерегіне қарағанда, «Жас қанат-2006» ЖШС құс фабрикасы Қазақстанның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзған.

«Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1) тармақшасын бұзу белгілері бойынша Қостанай облысындағы құс фабрикасына қатысты тергеу бастады. Атап айтқанда, ЖШС жұмыртқаны көтерме сату кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, ұстап тұру бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдаланған», - делінген хабарламада.

Бір жыл бұрын департамент қостанайлық екі құс фабрикасының жұмысында Кәсіпкерлік кодексін бұзу белгілерін тіркеген болатын, оның ішінде «Жас қанат-2006» ЖШС да бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.