{metadescription}
Өскемен-Семей тасжолында көлік қозғалысы шектелді

Өскемен-Семей тасжолында көлік қозғалысы шектелді

Өскемен-Семей тасжолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа температурасының 30 грудусқа дейін төмендеуіне және жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді.

«Жолаушы тасымалдайтын рейстік автобустарға және дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктерге Өскемен-Семей тасжолының 10 -198 шақырымында (Герасимовка ауылы мен Семей қаласының аралығы) қатынауға тыйым салынды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді. Егер жолда қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.