{metadescription}
Шымкентте жүргізушілер картеж жасап, аспанға оқ атқан

Шымкентте жүргізушілер картеж жасап, аспанға оқ атқан

Шымкентте жүргізушілер көшеде картеж жасап, аспанға оқ атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде көшеде аспанға оқ атқан жүргізушілердің видеосы тарады. Онда үш «Toyota Camry-70» көлігінің иелері жол ережесін өрескел бұзғанын көруге болады. Тіпті, жолда картеж жасап келе жатқан олар көлік әйнегінен аспанға оқ атқан.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі үш «Toyota Camry-70» көлігінің жүргізушілері анықталып, ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, бір жүргізушінің қаруға ұқсас зат қолданғаны анықталып, тәркіленіп алынған.

«Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 602-бабы 1-1-бөлігімен «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде немесе анық көрiнбейтiн жағдайларда сыртқы жарық түсіру аспаптарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық тоқтау белгiсiн қолдану қағидаларын бұзуы» және 603-бабының 1-бөлігімен «Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату», 230-бабының 2-бөлігімен «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды» делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.