{metadescription}
Энергетика министрлігі Түркия жағалауында жиналып қалған мұнай танкерлеріне қатысты түсініктеме берді

Энергетика министрлігі Түркия жағалауында жиналып қалған мұнай танкерлеріне қатысты түсініктеме берді

Түркияның Босфор мен Дарданелл бұғаздарында мұнай тиеген танкерлер жиналып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін халықаралық және қазақстандық БАҚ-та Қазақстанның мұнайын тиеген танкерлер Түркия жағалауында бірнеше күн бойы қаңтарылып тұрғаны туралы мәлімет шыққан болатын. Ведомство осыған байланысты түсініктеме берді.

«Бүгінгі таңда Босфор мен Дарданелл бұғаздарында күту уақыты 6 күнге жетті. Қыс мезгілінде бұл қалыпты жағдай. Былтыр желтоқсанда бұғаздарда күту уақыты шамамен 14 күн болған. Сақтандыру хаттары туралы мәліметтер нақтыланып жатыр», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарлама.

Еске салсақ, 5 желтоқсаннан бастап Еуропалық Одақтың танкерлермен жеткізілетін Ресей мұнайына тыйым салатын эмбарго күшіне енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.