{metadescription}
Тальго пойызының рейстері тоқтатылады

Тальго пойызының рейстері тоқтатылады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана – Шымкент қатынасындағы Тальго вагондарымен жасақталған №86/85 жолаушылар пойызының жүруін 1 рейске тоқтататынын мәлімдеді.

Ведомство таратқан деректерге қарағанда, 8 желтоқсан күні Астанадан, 9 желтоқсан күні Шымкенттен шығатын пойыз жүрмейді.

«Тоқтатылған пойыздың орнына стандартты вагондардан тұратын №511/512 бір реттік пойызы жолға шығады. Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі. Стандартты вагондардан тұратын пойызда сапарлаған жолаушыларға жол жүру құнының айырмасы төленетін болады», - деп жазды «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Сонымен қатар Алматы-2 мен Петропавл арасындағы №105 «Тальго» жолаушылар пойызының қозғалысы бір аптаға тоқтайтын болды.

Алматы-2 – Петропавл бағыты бойынша мына күндері жүрмейді:

  • жөнелту 8, 10, 12, 14 желтоқсанда Алматыдан,
  • келу/жөнелту 9, 11, 13, 15 желтоқсанда Петропавлдан.

Жолаушыларға билет ақысының толық сомасы қайтарылады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Тальго» пойызы рейстерінің тоқтауына қатысты пікір білдірді.

«Атап айтқанда, «Тальго» пойызы біздің талап бойынша қосымша техникалық байқаудан өтуі керек. Сонымен қатар, бұл пойыздың жылдамдығы басқа деңгейде болғандықтан, егжей-тегжейлі тексеруді қажет етеді. Егер ауа райына байланысты немесе кейбір техникалық кідірістерге байланысты «Тальго» белгіленген уақыт аралығында жүріп үлгермейтін болса және кешігіп жатса, онда жағдай түзелгенше тиісті шешімдер қабылданады. Менің ойымша, бұл мәселе бірнеше күнде шешіледі. Себебі, техникалық тексеру тез арада аяқталуы керек. Егер бәрі дұрыс болса, аталған пойыздардың қозғалысы қалпына келеді», - деді Қ. Өскенбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.