{metadescription}
Миллиардтарды қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан топ сотталды

Миллиардтарды қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан топ сотталды

Кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген 20 айыпталушы сотталды.

Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

«2022 жылғы шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам, оның ішінде шетелдік азаматтар бар және 500-ге жуық жалған компания мен 5 мың контрагент тартылған.

5 желтоқсанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты ҚР ҚК 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әртүрлі жаза мерзімдеріне соттады.

Осы қылмысты тергеудің тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік берді», - делінген ресми хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.