{metadescription}
ҰБТ сынақтарының базасы жаңартылды

ҰБТ сынақтарының базасы жаңартылды

Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты.

Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүргізіледі.

«Қазан айында біз ҰБТ-ға дайындық үшін тегін онлайн тестілеуді іске қостық. Осы уақытқа дейін тестілеу 470 мың рет тапсырылған. Көптеген мектеп түлектері тест тапсырмаларымен танысты деп ойлаймын. Яғни, талапкерлерге биыл IT-мамандыққа түсу үшін міндетті болып табылатын «Математика-Информатика» пәндерінің комбинациясы қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алды. Енді біз базаны жаңартып, балалардың бас емтиханға дайындығын жақсарту үшін жаңа сұрақтар базасын ұсынып отырмыз», – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.