{metadescription}
Академиялық дербестік алған колледждердегі оқу мерзімі 2 жыл болмақ

Академиялық дербестік алған колледждердегі оқу мерзімі 2 жыл болмақ

Академиялық дербестік берілген колледждер оқу мерзімін қысқартуға мүмкіндік алады.

Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басшысы Алтай Рахимберлин айтты.

«Бұған дейін министрлік колледждердегі оқу мерзімін қатаң реттеген болатын. Енді академиялық еркіндік беру аясында олар оқу мерзімін қысқартуға мүмкіндік алып отыр. Мәселен, бұған дейін оқу мерзімі 3 жыл 10 ай болса, енді оны 2 жылға дейін қысқартуға болады. Осы дербестіктің негізінде колледждеріміз қысқа мерзімде сапалы мамандарды еңбек нарығына шығарады. Бұған дейін министрлікке қатысты сын-пікірлер болды. Атап айтқанда, көпшілік «сіздер мамандарды ұзақ уақыт дайындайсыздар» дейтін. Сондықтан, біз осыны ескердік», - деді Алтай Рахимберлин.

Айтуынша, академиялық дербестік алған колледждер жергілікті кәсіпорындармен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Демек, жұмыс беруге ниетті компаниялар өздеріне қажетті сала мамандарын даярлау бойынша ұсыныс жолдайды. Осы орайда, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары басымдықты сұраныс жоғары мамандықтарға береді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.