{metadescription}
Қазақстандық банктер «МИР» карталарын қабылдауға рұқсат алды

Қазақстандық банктер «МИР» карталарын қабылдауға рұқсат алды

Қазақстандағы банктерге «МИР» карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға рұқсат етілді, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

«8 желтоқсанда АҚШ Қаржы министрлігінің бөлімшесі — Шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) хат алды. Онда американдық ведомство «МИР» жүйесінің банк карталарын жеке тұлғалардың, атап айтқанда Ресейден Қазақстанға қоныс аударған азаматтардың күнделікті өмір сүруін қамтамасыз ететін операциялар жасау үшін пайдалануына қарсылық білдірмейтінін түсіндірді. Бұл ретте, хатта осы төлем жүйесімен жасалатын операциялар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін оны пайдалануға жол бермеу мақсатында ерекше бақылауда қалатыны атап өтілген», - делінген Агенттік хабарлаамсында.

Қазақстандық банктер «МИР» карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін банкоматтар арқылы қолма-қол ақша беруді жүзеге асыруға құқылы.

Бұл ретте, «МИР» жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер өздерінің даму стратегиялары мен тәуекелдерді бағалаудың ішкі жүйелері негізінде дербес қабылдайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.