{metadescription}
Алаяқ блогер арқылы қайырымдылыққа ақша жинаған

Алаяқ блогер арқылы қайырымдылыққа ақша жинаған

Ақмола облысында қайырымдылықты пайдаланып, алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласының 35 жастағы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты. Шағымданушының айтуынша, оған Ақмола облысының тұрғыны хабарласып, қайрымдылық шарасы туралы жарнама жариялауды сұраған.

Әйел адам өзінің ауру баласы бар екенін, осыған қарай қаржыға зәру екендігін айтқан және банк картасының нөмірін берген. Instagram желісіне жарнама жарияланып, қаржы түскен соң Щучиск тұрғынының өзі туралы жалған мәліметтер бергені анықталды және оның балалары жоқ екені белгілі болды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.