Junior Eurovision - 2022: Қазақстандық Давид Чарлинді қолдайық
Бұл күндері Армения астанасы – Ереван қаласында JUNIOR Eurovision SONG CONTEST 2022 (балалар Евровидениесі) халықаралық байқауының үлкен финалы өтуде.
11:18 10.12.2022
Биылғы жылғы конкурста Қазақстан намысын Давид Чарлин қорғайды.
Гранд-финалдың көрсетілімі «Хабар» телеарнасында 11 желтоқсанда (жексенбі) Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.
Балалар Евровидениесінің жеңімпазы Ұлттық қазылар алқасының дауысы және ғаламдық онлайн дауыс беру арқылы анықталады. Біздің сайыскерді қолдау үшін онлайн-дауыстардың барынша көп санын жинау қажет!
Давид Чарлинге дауыс беру үшін:
- https://junioreurovision.tv/ немесе https://jesc.tv/ сілтемесі бойынша өту;
- Тізімнен Давид Чарлинді тандап, ұнаған тағы екі өнерпазға дауыс берініздер.
- «Дауыс қабылдау»/ «Дауыс беру» батырмасын басу қажет.
Дауыс берудің бірінші кезеңі 10 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 01:00 басталып, 11 желтоқсан күні сағат 20:59 аяқталады.
Дауыс берудің екінші кезеңі Гранд-финалдың барлық қатысушылары өз өнерін ортаға салғаннан кейін небәрі 15 минутқа жалғасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!