Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық қола алды
Ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Алексей Чуркин «қола» жүлде алды, деп хабарлайды Федерация.
Фото: ©instagram.com/iwfnet/
10:04 10.12.2022
Ауыр атлетика федерациясының ақпаратына қарағанда, 73 кг дейінгі салмақтағы спортшылар арасында жарысқа түскен Алексей Чуркин 323 кг нәтижені (153 кг жұлқа көтеру және 190 кг — серпе көтеру) көрсетті.
Аталған салмақта индонезиялық спортшылар Рахмат Абдулла — 352 (152+200) мен Ризки Джуниансьяху — 347 (155+192) бірінші және екінші орынды бөлісті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!