{metadescription}
Семейде жүйткіп келе жатқан көлік шұңқырға түсіп кетті

Семейде жүйткіп келе жатқан көлік шұңқырға түсіп кетті

 Семейде шұңқырға түсіп кеткен көлік бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті.

1 ақпан сағат 16:30 шамасында Қабанбай батыр көшесінде «ВАЗ» көлігін тізгіндеген 44 жастағы жүргізуші қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, бұрын сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілген шұңқырға аударылып кеткен.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. «ВАЗ» көлік құралының жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 620-бабы бойынша хаттама жасалды.

Бұл әрекет үшін ескерту беріледі немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде